Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды

189

0

Фото: Freepik

Қызылорда қаласында топтық төбелесте үш адамға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды. Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растады.

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деп атап өтті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды.

Сондай-ақ, Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза тапқан 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<