Қызылордада мектептерде педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданған

378

0

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облыстық прокуратурасы орта білім мекемелерінде тексеру жүргізуде. Алғашқы тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталған.

Кей мектептерде бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған. Жұмыс істемейтін бейнекамералар бар. Салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді.

«Информатика сабағында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген. Ал 26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактісі анықталып, сотталғанжәне медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Педагогтардың жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<