Қызылордада жол апатынан жүргізуші көлікте қысылып қалды

448

0

Қызылордада құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні аман алып шықты.

Оқиға бүгін, 19 қыркүйекте сағат 7.22 шамасында болған. Сол уақытта 112 құтқару қызметіне шақырту келіп түсті. Онда Қызылорда қаласындағы Е. Көшербаев пен Жалаңтөс баһадүр көшелерінің қиылысында «Toyota» және «Opel» маркалы автокөліктері соқтығысуы салдарынан көлік ішінде адамның қыстырылып қалғаны айтылған.

«Шақырту бойынша жедел құтқару жасағының мамандары жағдайды анықтағанда «Opel» маркалы автокөліктің 1980 жылғы жүргізуішісінің қыстырылып қалғаны белгілі болды. Мамандар гидравликалық құралдарды пайдаланып, азаматты автокөліктен шығарды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<