«Сары» аймақтағы тұрғындарға маска тағу міндеттелмейді

450

0

«Сары» аймаққа енген өңірлерде маска тағу ұсынылады, бірақ міндеттелмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа енді. Маска тағу ұсынылып отыр. Науқаспен байланыста болған абсолютті қарсы көрсетілімі бар адамдарды, жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс формасына ауыстыру міндетті түрде ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды біріктіріп, түрлі шаралар өткізуге тыйым салынады. Бірақ бұл шараларды топ ішінде өткізуге рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта «сары» аймақта маска тағу – ұсыныс сипатында», – деді Р.Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер өз сөзінде дәрігерлер мен министрлік қызметкерлерінің маска тағуға қатаң кеңес беретінін атап өтті.

«Әрине, ереже бойынша бұл міндетті емес. Негізінде, министрлік секілді кейбір ұйымдарда масканы міндетті түрде тағамыз», – деді Р. Қожапова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<