«Саз балшықтың сыры»

160

0

Бүгін С.Айтбаев атындағы облыстық көркемсурет галереясында жас суретші Дәулет Тойшыбаевтың «Саз балшықтың сыры» атты шеберлік сағаты өтті.

Аталған шараға музей мамандары мен студенттер, оқушылар қатысты. Екі сағаттан аса уақыт ішінде Д.Ділдәбекұлы өзінің осы салаға келгендігі жөнінде және саз балшықтан түрлі бұйым жасаудың сырларына тоқталып өтті. Тамашалаған көрермендердің ішінде мектеп оқушылары жоғарығ қызығушылық танытты. Олар саз балшықтан өздері құмыра жасап шығарды.

– Бала кезімнен сурет салуға әуес болдым. Ал саз балшықты игеру мен одан туынды жасап шығару үшін бар ынтамды салдым. Алғаш рет интернет желісі арқылы үйреніп, кейіннен шеберлік сағаттарына қатыстым. Осы өнермен айналысу және әдемі бұйым болу үшін көңіл-күйің жақсы болуы тиіс. Өзім арнайы ұстаздан білім алмасам да болашақта шәкірт тәрбиелеу ойымда бар, – деді Д.Ділдәбекұлы.

Осындай шеберлік сағаттары алдағы уақытта тағы ұйымдастырылмақ.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

ҚМУ студенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз