Шымкентте алғаш рет 2026 жылы стенд атудан лицензиялық әлем кубогі өтеді

259

0

Фото: olympic.kz

Спорттық атудан Азия конфедерациясы (ACS) спорттық нысандардың техникалық дайындығы мен жабдықталу барысын тексеу барысында Қазақстандағы екі ату нысанын халықаралық талаптарға толық сай деп таныды, деп хабарлады Қазақпарат.

Аталған федерацияның баспасөз қызметі атап өткендей, Халықаралық ату спорты федерациясы Шымкенттегі Shooting Plaza және Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубының әлемдік талаптарға 100 пайыз сай келетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Спорттық атудан Азия Конфедерациясының президенті Сальман Сабах әл-Сәлем әл-Хомуд әл-Сабах Шымкенттегі ату кешені 2026 жылы стенд атудан лицензиялық әлем кубогін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Одан бөлек, аталған кешенде 2025 жылғы Азия біріншілігі ұйымдастырылады.

Мұндай ірі көлемдегі спорттық жарыс Шымкентте алғаш рет өткелі тұр. 2025 жылғы Азия біріншілігіне 2500–ге жуық спортшы мен ресми тұлғалар келеді деп күтіледі.

2024 жылдың қыркүйегінде әлем кубогі кезеңі Алматыда өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<