Қызылордада құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейбол турнирі өтті

6

0

Қазақстан полициясы күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізілді.

Жарысқа өңірдегі құқық қорғау органдарының құрама командалары қатысып, спорттық шеберліктерін көрсетті. Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және күштік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Нәтижесінде І орынды ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті командасы иеленді. ІІ орын Қызылорда облысы Полиция департаменті командасына, ал ІІІ орын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті командасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.