Студенттерді қолдау шаралары қарқынды

293

0

Ел егемендік алғалы балалар мен жастардың білім алуына, білікті маман атануына барынша жағдай жасалып келеді. Жастардың сапалы білім игеруіне мүмкіндік беру – болашаққа салынған инвестиция сынды, келешекте қай саланың да дами түсуіне жол ашады. Әсіресе, елімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастарды қолдауға ерекше мән берілуде.

Қазіргі уақытта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің күндізгі бөлімінде 1628 студент білім алуда. Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер саны 524 болса, оның 232-сі мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады. Жатақханаға орналасқан 268 студенттің 110-ы аз қамтылған отбасының балалары. Олар үшін жатақхана төлемақысының тек жартысын төлеу қарастырылған. Жалпы оқу ақысы жылына 190 мың теңге болса, 52 студентке 20-70 процент аралығында жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік берілді. Қашанда студенттердің өнер, білім шыңдайтын байқауларға қатысуына да жол ашық.

Бүгінде колледжде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 12 балаға ай сайын ыстық ас, жылына бір реттік киімі үшін қаржы берілсе,  сондай-ақ, 30 процент үстеме степендия тағайындалады.

Бұл білім мекемесіндегі жастарды қолдау шараларының бір парасы. Жалпы, студенттердің кедергісіз, сапалы білім алу мәселесі мемлекеттің басты назарында.

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ, 

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық

 жоғары колледжінің директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<