Су тасқынынан қаза тапқандар саны өсті

245

0

 
Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы La Vanguardia газеті Азаматтық гвардиядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

58 жастағы адамның денесі Бенферри муниципалитетінде (Аликанте провинциясы Валенсия автономды бірлестігі) табылды. Болжаммен оны ағыс алып кеткен. Осыған дейін су тасқыны салдарынан төрт адамның зардап шеккені туралы айтылған еді. 

Жұмада, яғни кеше ер адамның денесі Гранада провинциясындағы жолдың жиегінен су басқан автокөліктен табылған еді. Тағы бір ер адам Альмериядағы су басқан тоннельде көліктің салонында қалып қойған. 

Сондай-ақ екі адам бейсенбі күні муниципалитете Каудете (провинция Альбасете автономды бірлестігі Кастилия-Ла-Манча) елді мекенінде қаза тапты.  Эвакуацияланғандардың саны 3,5 мың адамға жеткен.

Мектептерде сабақ тоқтатылды. Бірнеше қалада әуежай жұмысы тоқтап тұр. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<