Сырдария өзенін тазарту және түбін тереңдету жұмысы биыл аяқталады – ТЖМ

387

0

Сырдария өзенінің қала және оның маңынан өтетін 8,9 шақырым сағасы тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдан бастап Сырдария өзенін тазарту және түбін тереңдету жобасы қолға алынды. Өзеннің қаладан және оның маңынан өтетін 8,9 шақырым сағасы тазартылды. Тазарту және тереңдету жұмысына тапсырыс беруші жергілікті әкімдік. Аталған жобаны жүзеге асыруға жауапты мердігер компания «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамы. Аталған жұмыстар биыл аяқталуы тиіс»,- деді ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Жайық өзенінде су деңгейі көтерілу қаупі туралы хабарлаған едік. ТЖМ өкілінің мәлімдеуінше, наурыздың соңында аталған өзен суының деңгейі 450 см-ге дейін көтерілуі мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<