Талап-тілек тыңдалды

740

0

Кеше қала әкімі Асылбек Шаменов Қарауылтөбе ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қала іргесіндегі ауыл соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Жоспарлы инфрақұрылым жүргізіліп, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелер де жоқ емес. Атап айтар болсақ, елді мекендер аумағында мал жайылымдық жерлер аз, жаңа дәрігерлік амбулаториялар қажет.

Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы аталған мәселелерге орай, тиісті сала басшыларына жедел шаруашылық иелеріне түсіндірме жүргізіп, нақты шараларды қолға алуды жүктеді.

Дәрігерлік амбулаторияға байланысты облыстық денсаулық сақтау және облыстық құрылыс басқармаларымен бірлесіп, жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуді тапсырды. Шаһар басшысы бұл жұмыстар бақылауында болатындығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<