Түнде құрылыс базарынан өрт шықты

408

0

3 шілдеге қараған түні Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Алатау ауданындағы «Бақорда» базарының аумағындағы өртті сөндіруге шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер салынып жатқан сауда орталығының жанындағы құрылыс базары жанып жатқанын анықтады.

«Өрт орнында дереу жедел штабтың жұмысы басталды, өнімділігі жоғары оқпандар қойылды, өрт автопоезі іске қосылды, үйінділерді жинау үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылды», – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт бір сағат ішінде оқшауланып, 6.35-те жойылды. Өрт аумағы 2 мың шаршы метр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<