Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан 3 адамды алып шықты (видео)

750

0

Фото: Ашық дереккөз

Газиантептегі объектілердің бірінде қазақстандық құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды құтқарып алды деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды. Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанымен аса күрделі жағдайларда жүргізілді. Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<