Үйінен тапанша тауып алған үш жасар бала анасын атып өлтірді

349

0

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында үш жасар бала үйінен тапанша тауып алып, анасын атып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. True Crime Daily басылымының мәліметінше, оқиға 21 қыркүйек күні болған. Полицейлер оқ естілген үйге келіп, жарақат алған әйел мен үш жасар баланы анықтаған.

33 жастағы Кора Лин Буш дереу ауруханаға жеткізілген, алайда ол екі сағаттан кейін ажал құшты. Кейінірек округ шерифі «жас бала тапаншаны тауып алып, абайсызда анасын атып тастағанын» мәлімдеді.

Әжесінің айтқандары мен заттай айғақтар шерифтің айтқанына дәлел болған.