Вице-министрмен бейнебайланыс арқылы тілдесті

374

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаеваның ұйытқы болуымен қазалылықтар бейнебайланыс арқылы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Кариновамен тілдесіп, өздерін толғандырған ұсыныс-пікірлерін айтты.

Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ашып, тікелей бейнебайланыс арқылы өтетін шараның негізгі мақсатын түсіндірді.

Басқосуда алдымен Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбай сөз сөйлеп, халықпен кездесулерде білім саласына қатысты ұсыныстар жиі айтылатынын тілге тиек етті. Осыған орай тұрғындардың тікелей тиісті министрлік өкілдеріне сұрақ қоюға мүмкіндік жасалып отырғанын жеткізді.

Мұнан соң облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп білім саласына қатысты сұрақтарын қойды. Олардың негізгісі білім саласының жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуі жайы. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі балабақшалардың жағдайы мәз емес екендігін айтты.

Өз кезегінде ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтылып жатқан мәселелерден хабары бар екенін, қазіргі таңда ол мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Қазалы ауданына сапары кезінде Балайым Туғанбайқызы жеке қабылдау өткізіп, халықтың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қазалылықтар халық қалаулысының назарына Сырдария өзеніне салынып жатқан «Қарлаң» көпірінің құрылысы баяулап қалғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары да нашарлап кеткенін тілге тиек етті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева халықтың тарапынан айтылған мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінін айтты. Сонымен қатар, жеке қабылдаудан соң арнайы барып, жол жөндеу жұмыстарын көрді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде Жанқожа батыр атындағы №70 мектепте тұрғындармен кездесті.

Басқосуда тұрғындар ғасырлық тарихы бар білім ордасына қосымша ғимарат салуды қажет ететіндігін тілге тиек етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<