\»Қыз Жібек\» жырын оқуға шақырады

625

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының тұңғыш кітап болып басылып шыққанына 125 жыл толуына орай  оқу эстафетасын ұйымдастырып  отыр.
 Оқу эстафетасының мақсаты – кітап оқуды, оның ішінде  қазақ халқының эпостық жырларын насихаттау, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін, ұлттық  құндылықтарын  дәріптеу.
  Эпостық жыр-дастандар – қағазбен қатталмаған, жылнамасы жоқ тарихымыздың ауызша жеткен сипаттамасы, ұлттық  құндылығымыздың ауқымды  бір бөлігі. Бүгінгідей ақпарат ғасырында  бабалар аманаттап кеткен   жәдігердің әр жолы көздің қарашығындай сақтап, бойға  сіңіру қажет.
 Лиро-эпостық жырға деген құрметті арттыру үшін әлеуметтік желіде оқытудың әдіс-амалдарын пайдалана отырып, жырдан бірнеше шумағынан үзінді оқылып, бір-біріне жолдайтын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<