Заңсыз қайта жабдықталған 15 автокөлік анықталды

251

0

Қызылорда облысы көлемінде қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін, техникалық ақауы бар және қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу мақсатында қаңтар айының 15-20 күндері аралығында «Заңсыз қайта жабдықтау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бір күнінде облыс бойынша заңсыз қайта жабдықталған 15 автокөлік анықталып, жүргізушілері Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлдерінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<