Жалағашта білім саласы ғимараттары жаңғыртылуда

497

0

Жалағаш ауданында білім саласында соңғы 6 жылда 1 мектеп салынса, 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді.


Бүгінгі таңда М.Шәменов ауылдық округінде 140 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
Биылғы жылы аудандағы салынғалы бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген Аққыр ауылдық округіндегі №188 орта мектеп ғимаратына, Мақпалкөл ауылдық округіндегі Ә.Оңалбеков атындағы №117 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Жалпы ауданда 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Олардың ішінде 10 мемлекеттік балабақша, 18 жеке балабақша және 8 мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді. Аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 2156 баланы қамтып отыр.


Жалағаш ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу міндеттемесі толығымен орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<