Жалағаштықтар картоп өнімін арзан бағада алуда

323

0

Өндірушіден делдалсыз тұрғындарға тікелей қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында Мақпалкөл ауылдық округіне қарасты «Ер Әлі» шаруа қожалығының 25 тонна картоп өнімі бүгін Жалағаш кентінің тұрғындары үшін арзандатылған бағада сатылды.

Мәселен, базардағы баға делдалдар арқылы 180-200 теңгеден болса, өндірушіден картоп өнімін 120 теңгеден сатып алуда.

«Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов:

– Биыл біз шаруашылықта 24 гектарға картоп, 5 гектарға сәбіз ектік. Картоптың әр гектарынан 22 тоннадан өнім алудамыз. Әлі де аудан тұрғындарына қолжетімді бағада өнімдерді әкелеміз. Бірінші өзімнің ауданымнан, жерлестерімнен бастап жатырмын. Жалағаш ауданының тұрғындарын қамтамасыз еткеннен кейін ғана қалаға, басқа жақтарға апару ойда бар, – деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<