Жаңа уақытқа көшкен қазақстандықтардың электр энергиясына шығыны артты ма

177

0

Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/nurfin/2105763-zhanga-uaqytqa-koshken-qazaqstandyqtardyng-elektr-energiiasyna-shygyny-artty-ma/

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу қарапайым қазақстандықтардың қалтасын қақты. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағатқа артық пайдаланды.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап бүкіл Қазақстан бір уақыт белдеуіне көшті (UTC +5). Бұл шешім барлық тұрғындарды қуанта қойған жоқ, себебі елдің көп бөлігінде жаңа уақытқа байланысты таңның атысы мен батуы бір сағат ерте болатындай «жылжыды».

Кенеттен болған мұндай өзгеріс қазақстандықтардың электр энергиясын бұрынғыдан да көп тұтынуына әкелуі мүмкін. Алайда сол кезде сарапшылар уақытты бір сағатқа артқа жылжыту электр энергиясын тұтынуға айтарлықтай әсер етпейді, сондықтан тұтынушы шығындарына да еш әсері жоқ деген еді.

Дегенмен іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты «Черный лебедь, рак и щука» Telegram-арнасының авторы Анель Давлетгалиева энергия тұтынудың артуына назар аударды. Мысалы, наурыз айында Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 10,7 млрд кВт/сағ болды.

Бұл ақпан айымен салыстырғанда 3,5 пайыз немесе 364 млн кВт/сағ, ал 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда бірден 5,1 пайызға немесе 521 млн кВт/сағ артық. 2024 жылы электр қуатын қоса алғанда, коммуналдық қызметтерге тарифтер елде айтарлықтай өскенін (жылына 26,1 пайызға) ескерсек, тұтынудың мұндай қатты өсуі шынымен де қазақстандықтардың шығындарының өсуіне әкелуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бірыңғай уақытқа көшуге наразы қазақстандықтар әртүрлі уақыт белдеулерін қайтару туралы петицияға қол қоя алады. Мақала жазылған уақытта 30 мыңға жуық азамат дауыс беріп үлгерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<