Жаңа жылдық шырша шамы жағылды

803

0

Кеше Қармақшы ауданы, Жосалы кенті орталық алаңында жаңа жыл мерекесінің шырайын келтіріп, айшықтай түсетін шырша шамын жағу рәсімі өтті.

Аталған шарада аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудан көлемінде жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сондай- ақ, аталмыш шарада Аяз ата мен Ақша қар ән шырқап, ертегі кейіпкерлері би билеп, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кешке келген кент тұрғындары мен қонақтар осылайша аудан өнерпаздарының өнерін тамашалап, мерекелік көңіл күйде тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<