ЖАТАҚХАНА МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС НЫҒАЮДА

231

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанынан ашылған жатақхананың тәрбиеленушілері ата-аналармен бірлескен шараларды көптеп ұйымдастыруда.
Әр аптада мектеп жатақханасы тәрбиеленушілердің ата-аналарын шақырып, олармен түрлі бағыттағы жұмыстарды өткізіп тұрады. Мәселен өткен сенбіде ата-аналар жатақхана психологының арнайы семинарына қатысты. Одан кейін жатақхананың бір күндік тұрмысымен танысып, тәрбиешілердің дайындаған тәрбие сағаттарына, үйірме жұмыстарына да өз уақыттарын бөлді.
Жатақханада ай сайын ұйымдастырылып тұратын ата-аналар клубының жұмысы бойынша оқушылар өз ата-аналарымен «100 кітап» жобасы аясындағы шығармаларды талқылап, түрлі ойын, қызықты тапсырмаларды бірлесіп орындады. «Литературный джем», «Book bingo», «Қолтырауын» секілді ойындар ойнатылып, сергіту сәттерінде ата-аналар өз балаларымен бірге көңілді орта қалыптастырды.
«Ас мәзірі» үйірмесі бойынша түрлі жеміс-жидектермен карвинг жасауға атсалысты.
«Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?» тақырыбында пікірталас өткізіліп, ата-аналар бала тәрбиесі жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<