ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕГІ ЖАҢАША БАСТАМА

257

0

Кеше «Сырдария» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті. Оған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
– Жадыраған жаздың алғашқы күнінде тойланатын бұл мереке елімізде жыл сайын ерекше аталып өтеді. Қалада жаңа демалыс орындары мен саябақтар, спорттық ойын алаңдары, түрлі үйірмелер ашылып, бүлдіршіндеріміздің жаз­ғы мезгілдегі демалысын қы­зықты әрі пайдалы етіп өткізулеріне аса мән берілуде. «Сырдария» жазғы тынығу лагерінде биылғы маусымда қала мектептерінен 500 оқушыға тегін жолдама беріледі. Мұнда биыл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес, қазақтың ұлттық ойындарын, салт-дәстүрін насихаттайтын түрлі үйірмелер мен балалар үшін арнайы этноауыл жұмыс жасайтын болады, – деді Н.Нәлібаев.
Шаһар басшысы лагерьді аралап, тыныс-тіршілігімен та­нысты. Жазғы сауықтыру лагерь­леріне бірінші кезекте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары мен құқық бұзушылықпен есепке алынған оқушылар қамтылады.
Айта кетейік, биыл Оқушылар сарайында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 1 маусым-14 шілде аралығында үш ауысым бойынша «Zhazgy Time» танымдық-шығармашылық мектебі жұмыс жасайтын болады. Онда танграм, робот техникасы, спорттық туризм, хореография, палитра, плане­тарий, шығармашылық зерт­хана, тілдік мектеп (қазақ, орыс, ағылшын), концерттер, конкурстар, интеллектуалды ойындар, тренинг­тер, кинозал болады. Оған 300 бала қамтылады деп жоспарлануда.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<