Жемқорлықтың алдын алу шаралары

291

0

Қармақшы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі Бюросының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №102 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының 39 тармағына сәйкес, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Отырысқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Е.Назарқұлов қатысып, сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып отырғанын, бөлім қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылы» туралы Заң талаптары, ҚР «Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің» талаптары бойынша сабақтар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Шарада партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция майоры Қ.Ерманов та сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтын алдын-алу, болдырмау шараларын жүргізудің басымды бағыттары жайында сөз қозғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<