Жеткіншектермен жылы жүздесу

275

0

Қызылорда қалалық білім бөлімі және Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Сыр елі салған сара жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Өзгеше форматта дайындалған дөңгелек үстел қонақтары алғашында мектеп тынысымен танысты. Темірбек Жүргенов мұражайын аралап, «Ежелгі Сыр еліне саяхат» көрмесін тамашалады.

Еліміздің рухани дамуына үлесін қосып жүрген Сыр елінің азаматы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ұстаздар қауымының қоғамдағы мәртебесі, отбасындағы бала тәрбиесі жайында сөз қозғады. Мектеп түлегі, белгілі жырау Серік Жақсығұлов қазақтың жыраулық өнерінің бүгіні мен ертеңі туралы сөз етсе, «Ұстаз мәртебесі» газеті, «Әлімсақ» журналының бас редакторы, журналист Нұрлан Көбегенұлы журналистика саласындағы жаңалықтарды бөлісті.

Мектеп-лицейдегі биылғы оқу жылының басты жаңалығы – Шахмардан Есенов атындағы шахмат сыныбының ашылуы. Шахмат үйірмесіне 2-11 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылардың бойында ұлттық сананы, әдет-ғұрыпты, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, өз өлкеміздің ұлттық өнерін насихаттау арқылы оқушылардың бойына болашаққа деген сенімді қалыптастыруды мақсат еткен бұл шара өскелең ұрпақ пен аға буын арасында берік көпір орнатудың негізі болды.

 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<