Жігер Ауыпбаев: «Ақботаны ұрып, бетін көгертіп қойдым»

136

0

Оны ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым. Образға кіріп кетіп, қатты ұрып жіберіппін. Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Жігер Ауыпбаев басты рөлді сомдаған телехикая бірер күн бұрын көрерменге жол тартты. Картинада Ақбота тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған 35 жастағы аянышты әйелдің рөлін сомдаса, әнші Жігерге қызқұмар, екіжүзді ердің рөлі бұйырған. «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында қос актер түсірілім кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

«Бақыттың кілті» деп аталатын сериалға Айдын Сахаман режиссерлік еткен. Жағымсыз кейіпкер Тілеутайды сомдаған Жігердің бұл сериалдағы дебюті. Алғашқы тәжірибе болғандықтан, Жігер өзін қалай ұстау керектігін білмей, жаңылысқанын айтады. 

«Кастингке басқа рөлге, Бағланның (авт. бас кейіпкер Еңліктің күйеуі) рөліне дайындалып келдім. Еңлікті (авт. Ақбота-Нұр) ұрып жіберіп, бетін көгертіп қойдым. Образға кіріп кетіп, қатты ұрып жіберіппін. Режиссер келіп: «Шынымен ұрып жібердің ба?»- деп таңғалып қарап тұр. Өзімнің рөлімнен өзім жиіркеніп кеттім. Өкінішке қарай, қоғамда бар нәрсе», – деп ағынан жарылды Жігер.

«Екі айдың ішінде Ақботаның бетінен бет қалмайды. Сол себепті Тілеутайдың рөліне көрейік, деді режиссер», – дейді Ақбота-Нұр. 

Бұған дейін бірқатар отандық сериалдарда бой көрсеткен Ақбота алғашқыда рөлінен бас тартпақ болған. Айтуынша, тағдыр тауқыметін тартып, өмірінің 15 жылын таяқ жеумен өткізіп, өз-өзін ұмытқан бақытсыз Еңліктің рөлін сомдау оңайға соқпапты. 

«Бірінші күннен бастап түсірілім алаңында күлуге, қатты сөйлеуге тыйым салды. Мұңайып, басымды төмен салбыратып, аянышты әйелді сомдадым. 

Еңлік 15 жыл бойы күйеуінің айтқанымен өмір сүріп, үйден шықпайтын әйел, өзіндік шекарасы, пікірі болмаған. Тек қана бала, күйеу деген принциппен өмір сүрген», – дейді Ақбота-Нұр. 

Ал жуырда ғана тұсауы кесілген телехикаяның соңында қандай сахна болатынын Ауыпбаев аңдамай айтып қойды. Сөзінше, режиссер оған «Ақботаны зорлайсың» деген талап қойған. 

«Соны алып шығу қиын болды», – деп ағынан жарылды Жігер.