Жол-көлік оқиғасы кезінде көмектесті

258

0

14 ақпан күні түн жарымында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының кезекшісіне облыстық ТЖД жедел кезекшісінен Қызылорда қаласының А.Байтұрсынов көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде хабар түсті.

Оқиға орнында құтқарушылар «Ауди» маркалы көліктің жүргізушісі қатты соққының салдарынан қысылып қалғанын анықтады. Ол жерге дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері мен куәгерлер есікті ашып, зардап шегушіні шығармақ болған. Алайда, өз күштерімен шығару мүмкін болмады.

«Біздің қызметкерлер көлік апатынан зардап шегушіні құтқару үшін гидравликалық құрал-жабдықты пайдаланды. Осылайша оны көлік ішінен босатып алды. Ол үшін көлік металлдарын кесуге тура келді», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Тек құтқарушылар гидравликалық авариялық құтқару құрал-жабдықтың көмегімен зардап шегушіні босатты. Металды кесіп, 1987 жылға зардап шегушіні шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<