Жүйелі қолдау жетекші партия назарында

235

0

«Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін ел игілігі жолындағы істерге жұмылдыруды өзінің басты міндеті деп біледі. 
Және осы мақсатта түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын «Кедергісіз келешек», ардагерлеріміз үшін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларының ауқымы кеңейе түсті. Әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау бағытындағы жұмыстар жандандырылып, «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы негізінде Мемлекет басшысы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен партия жанынан көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсетіп, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауды одан әрі жандандыруды қолға алуға бағытталған шараларды бақылайтын арнайы республикалық кеңес құрылуда.
Кеңес барлық өңірдегі «Нұр Отан» партиясының филиалдары, мәслихаттардағы партия фракциялары жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әр баланың қауіпсіздігі мен жайлы өмірін қамтамасыз етуге жұмыстар жасауды қолға алуда.
Сонымен қатар партия өзінің жұмыс бағыттарын елдегі жетекші саяси күш ретінде «Әл-ауқатты қоғам: Онжылдықтың 10 мақсаты» атты партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айқындауда. Мысалы осы 10 мақсаттың 1-ші бағыты ата-аналарға қаржылай қолдау көрсету деңгейін арттыру, көп балалы отбасыларға қолдауды күшейту, жұмыс істейтін жас балалардың ата-аналарына көмектесу секілді мәселелерді қамтып отыр. Осылайша «Нұр Отан» партиясы еліміздегі балалар құқығын қорғау мәселесін түбегейлі қайта қарап, осы бағыттағы заңнамаларды талдап, жас буынның заңдық мүдделерінің бұзылмауын қамтамасыз етуге ден қоюда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп сенеміз.

Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы 
төрағасының бірінші орынбасары, 
облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы 
депутаттық фракциясының жетекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<