Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
76 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасынан Эльмира Сыздықова боз кілемге шықты.
Алғашқы айналымда оның қарсыласы қырғызстандық Айпері Медетқызы болды. Екеуара кездесу 8:1 есебімен қырғызстандық Айпері Медетқызының еншісіне шешілді.
Қырғызстандық Айпері Медетқызы финалға шыққан жағдайда Қазақстан спортшысы Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күні кілемге грек-рим күресінің балуандары да белдеседі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<