Әдебиеттің алып күші

550

0

Қандай да болсын әдебиеттің күші халықпен, оның  өмірімен тығыз байланысында. Ұлттық әдебиетіміздегі үлкен және шын мағынадағы халықтың өкілі есебінде көрінетін биік тұлғалардың бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылығы халық өмірімен терең байланыста жатыр. Өз шығармалары арқылы өмір шындығына тереңдеп барып, оның күрделі жайларын суреттеу, сол арқылы қоғамдық дамудың сырын ойлану әдебиеттің көркемдік мүмкіндігін кеңейтті. 

Жазушы шығармаларында реа­­лизмге негізделген туын­ды­­ларды жасай отырып, ро­ман­­тикалық сарындарды да пай­­да­лана білген. Сондай-ақ кейіп­керлердің өсу кезеңдері де өзара қарым-қатынас пен  іс-әрекет үстінде көрсетіледі. Ауыл адамдарының психологиясы,  кә­­сіптің ұңғыл-шұңғылдары, та­биғат көріністері өзара үй­ле­сімді қалыпта суреттеледі. Та­­биғаттың о бастағы уыздай уылжыған күйі, қоршаған ор­таға ықпалы, бәрі-бәрі де жазушы назарынан тыс қалмаған. Жазушы бүкіл шығармашылық әдістің басым бағыты реализмге табан тіреген. Реализм – жазушы шығармасының басты өзегі болды.

«Қан мен тер», «Соңғы парыз» – өмірмен өзектес шығар­малар. Шығарма тақырыбы – бү­гінгі күні өзегі болған эколо­гия мәселесі. Экологиялық зәру­лік қазірде жеке адамның, жергі­лікті жердің ғана  емес, әлемдік деңгейде сөз бол­ған мәселе.  Романды  жазушы  15 жыл  жазды. «Қан мен тер» – сим­волдық атау. Қан – өмір үшін күресті бейнелесе, тер – сол күрес жолындағы қиын­дық­тар символы.

Трилогияда халқымыздың Қазан төңкерісіне дейінгі, кей­­інгі тыныс-тіршілігі, Аза­мат со­ғысының зардаптары, Ке­­ңес үкіметінің орнауы, та­ри­­хи  бетбұрыстар кезін­дегі адам­­дар арасындағы қарым-қа­­ты­­настар кеңінен сурет­­тел­­­ген. Шығарманың үш не­гізгі кейіпкері – Еламан, Ақ­бала, Тәңірберген. Ела­ман – кедейліктен көз ашпа­ған, қара­пайым балықшы. Тәңірбер­ген – атақты бай, мырза. Ақбала – өзі сүйген жанды сүйе алмайтын  жан. Романдағы жиынтық мінез  кейіп­керлері  арқылы қазақ халқының тағдыры суреттеледі.    

Кейіпкердің образын дара­лау жолында жазушы психо­логиялық тәсілдерді молынан қолданған. Әр сөзі сұрыпталған. Тілі таза, көркем. Автордың ойы айқын. Шығармада образ­дылықпен қатар, ауыл өміріне тән типтік болмыс жақсы елес­тейді. Кешкі қоңыржай та­биғат, үйді-үйге тараған балық­шылардың жаяу-жалпы жүрісі, теңіздің баяу толқыны адам мен табиғат арасындағы үйлесімді көрсетеді. Кейіпкердің жай-күйін теңіз толқынымен байла­ныстыра отырып, әдебиет әле­мі­нің шеберлігін оқырманға таныта түседі.

Шығармада кейіпкерлердің өзара қарым-қатынастарынан, көзқарас қайшылығынан, та­биғат тартыстарынан туатын бол­мыстар шебер өрілген. Образ жасауда автор кейіпкердің екіжақты – физиологиялық және психологиялық құбылыстарын жете қамтып, адам бейнесін толымды жасаған. Жазушы өз еңбегінде адам мен өмірдің диалектикасын жүзіктің көзінен өткізгендей бере білген. Ұнамды кейіпкеріміздің диалогтары оның ішкі мінез, қайсар қылық, заң­ды әрекет болмысын аша түседі.

Қазақы ауыл тұрмысы, жоқ­шылық зардабынан басталған шығарма балықшылар тағдырын баяндаумен жалғасып, сол тағ­дырдың тартыс жолында саналы күреске шығып, ескі өмірінің күйреуі, жар сүйіп, бақыт тауып, жаңа өмірге қадам басуы – тағдыр талайына мойымаған, өмір күресімен бірге келетін жарық сәуленің тек күреспен келетінін сезген бейне арқылы көрсетеді. Қазақтың бүтіндей жаңа сипатта дамып келе жат­қанын, адам тағдырының бол­мы­сын реалистік әдіспен оқыр­манға жеткізе білген «Қан мен тер», «Соңғы парыз» – шын­дықты бар сырымен ашқан туындылар.

Ә.Нұрпейісовтің шы­ғарма­ла­ры бүгінде қазақ әде­биетінің бай мұралары бо­лып саналады. Теңізбен бірге жасасқан қа­­ламгердің теңіз тағ­дыры мен қарапайым балық­шы өмі­рін ас­тастыра байла­ныс­тырған шы­ғар­малары әлемдік деңгей­де өз орнын тапты. «Әбді­жә­міл Нұр­пейісовтің өл­мес шығар­ма­ларының біз әлі де тұңғиығына бойлап бол­ған жоқпыз. Пушкин, Абай жай­лы зерттеулердің тоқтал­май­ты­ны сияқты Әбең туралы әде­би әңгіме де ешқашан тоқта­майды», – деп жазушы  Смағұл Елубай айтқандай, Ә.Нұр­пейі­сов шығармашылығы қай та­қырыпта сөз етсең де бү­гінгі және келешек ұрпаққа тау­сылмас мұра. Ә.Нұрпейісов – әлем әде­биетіндегі елеулі құ­бы­лыс.

Ақзираш ДИХАНОВА, 

  Арал қалалық Т.Шевченко атындағы 

№13 орта мектебінің мұғалімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<