Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

3214

0

Ардагер ұстаз, Қазалы ауданының құрметті азаматы Шарафадин Алтынбайұлының «Тәрбие басы – тал бесік немесе бір өкініш, бір үміт» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Тұсаукесер рәсімінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, Шарафадин Алтынбайұлының жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімін ұштастыра отырып шығарған жаңа кітаптың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Тағылымы мол шарада кітап авторы Шарафадин Алтынбайұлы, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, ардагер ұстаз Қадырбек Бекетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Арал ауданынан келген Келмырза Баймырзаев, Бекарыстан би ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Бекжанова, Қорқыт Ата атындағы аудандық музыка мектебінің директоры Сәукен Әліш, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев сөз сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, ардагер ұстаз Қадырбек Бекетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов «Тәрбие басы – тал бесік немесе бір өкініш, бір үміт» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі жасалып, жаңа туынды оқырмандарға жол тартты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<