1 млн теңгеге дейінгі мобильдік аударымдар тексеріле ме?

169

0

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов 1 млн теңгеге дейінгі мобильді аударымдарды тексеруді тоқтату мүмкіндігі талқыланып жатқанын айтты,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мұндай ұсыныс түскені рас, қазір талқыланып жатыр. Әр түрлі нұсқалар қарастырылуда, сондықтан бұл мәселе бір жағынан бизнестің алаңдаушылығын жою үшін, ал екінші жағынан, бюджет алуға тиісті кірісті жоғалтпауы үшін шешіледі.

Қазір біз қолданыстағы бақылау жүйесінен ерекше жағымсыз әсер көріп отырған жоқпыз. Кәсіпкерлердің біразы қолма-қол ақшаға көшкені белгілі, бірақ олардың шығынға ұшырайтыны анық, өйткені клиенттер ыңғайлылыққа үйреніп, қолма-қол ақшасыз төлем жасауға дағдыланған. Клиенттерінің көпшілігінің қолма-қолға көшуі екіталай», – деп жауап берді вице-министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<