12 көпір күрделі жөндеуден өтеді

738

0

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер жылдың төрт мезгілінде де жол бойынан табылатын жолшылармен жүзбе-жүз кездесті.

Жол дистанциясы­ның мәжіліс залына кездесуге келген поездардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда орындары бөлек бұл саланың мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Облыстың қоғамдық штаб мүшесі Базара Тан­баева экономиканың басым салаларының бірі өнеркәсіпті дамытуда «Nur Otan» партиясының бағдарына тоқталып,  жаңа жұмыс орындарын құруда партияның алға қойған міндеттері мен ірі жобаларын айтып өтті. Ибраким Басықараев партияның жол және көлік инфрақұрылым сапасын арттыруда  50 шақырым автомобиль жолын салу, 579 шақырым күрделі және орташа жөндеу, 12 көпірді күрделі жөндеуге қатыс­ты мақс­а­тымен бөлісті.

Одан бөлек қалалық мәслихат депутатығына үміткер Әбдіғабит Әбләзім медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда партияның қол жеткізетін іс-шараларындағы шетелдің жетекші клиникаларында жыл са­йын кемінде  6 дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыру мен тәжірибеден өтуін, жетіспейтін мамандарды дайындауда облыс әкімінің грантын бөлуге қатысты ойын жеткізді. Ал Бауыржан Мастеков қаламыздағы жастар ресурс­тық орталығының жасап жатқан жұмыстарында жұмыссыздық  деңгейін 4 %-дан 3,9%-ға төмендету мақсаты көзделгенін айтты.

Кездесуде көп мәселелер сөз болды. Партия бағдарламасын талқылау барысында туындаған сұрақтарға теміржолшылар тұшымды жауаптарын да алып отырды. Аймақты дамытудың жеті басымдығын таныс­тыру соңында облыстық қоғамдық штаб мүшелері мен үміткерлер «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan»  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<