Қыстың сәні қарменен

2390

0

Фото: ашық дереккөз

Қыс − мезгілдердің ішіндегі ең кереметі. Бүкіл жер мамық ақ көрпесін жамылатын бұл мезгілді біріміз ұнатсақ, біріміз ұната бермейміз. Қыстың сәні қар болғандықтан, қарсыз қыстың адам көңіл-күйіне де әсері бар. Әсіресе балаларға. Алайда қар жаумады деп өкпелеудің түк те қажеті жоқ. Күтіп жүрген, ойыңыздағы қар аяқ астынан жауа салуы әбден мүмкін. Назарларыңызға қыс мезгіліндегі ең керемет көріністерді өлең шумақтарымен ұсынамыз.

Фото Бағдат Есжанов

Әппақ қар

Аппақ нұр тұнған айнала,

Аспан да, жер де қайда да.

Бақытқа толы құшағы,

Балбырап жатқан бай дала.

Асау жүрегім тулайды,

Көнбейтін амал, айлаға.

Аппақ сезіммен аяулы

Арманымды ұшырып Айға да.

Тап – таза табиғатпенен

Тілдескім келді жәй ғана…

Ғазиза Әбілда

Фото Қызылорда қаласы әкімдігі

АҚПАННЫҢ ҚАРЫ

Ақпанның қары, ақпанның қары,

Шағылысып күнге шатқалдың бәрі.

Шаттанатынбыз таңдайға тиіп,

Қазанға түскен қақпанның дәмі.

Жауып тастаса бір күнде түнде,

Қара қалмайтын қырдың бетінде.

Шығатын атам шағырын ерттеп,

Тазысын ертіп түлкі індетуге.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ

Фото Қызылорда қаласы әкімдігі

Ақ қарға оранған дала бар,

Күн шуақ ызғырық таралар.

Биіктен құлдилап шанада,

Қарменен ойнаған балалар.

Қабағынан қар жауып ақ қар басып,

Барады көкжиектен ақпан да асып,

Сен кеткен соң көбесі қақ жарылар,

Қалың қардың қара жерді жатқан басып.

Жақындығын көктемнің түсінгесін,

Күн жылт етті, өңім бе, түсім бе шын?

Ал әзірге сары аяз сақылдаған,

Өйткені, бүгін ақпан күшіңдесің…

Естай Рашқалиев,

28.02.2013 жыл. Орал қаласы.

Жеткізді-ау тапсырған сеніп,

Аспанның сәлемін бізге.

Арманым кетпесін еріп,

Ақ ұлпа қарменен бірге.

Торғын Тұрлыбаева

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<