Жазасын өтеуші азамат неке қидырды

62

0

Фото автордан

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мемлекеттік мекемесінде 21 жылға сотталған Д. есімді азамат некесін қиды. Сотталған мен некеге тұрушы әйелдің өтініші негізінде неке қию рәсіміне мекеме заңгері мен теолог маманы, АХАЖ бөлімінің маманы мен мешіт имамы шақырылды.
– Әдетте некеге тұрушыларға тек АХАЖ бөлімінің заңды түрде неке қию куәлігі берілетін. Ал, бұл некені растайтын діни құжат та, заңды құжат та бар. Сотталған азаматтың өтініші негізінде дін өкілі шақырылып, некеге тұрудағы барлық жөн-жоралғы жасалды, – деді мекеме заңгері Измагамбетова

Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әр жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<