2000-ға жуық ағаш екті

796

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр имамдары мен жамағаты республикалық акцияға үн қосты.

Елордада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен бас­талған «30 жылдық ме­рейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы бір ме­зетте барлық облыста ұйымдастырылып, республика көлемінде жалғасын тапты.

Игі бастама аясында облыста мәдени орындар мен аурухана, мешіттердің аула­ларына 760 түп ағаш отыр­ғызылса, республика бойынша 30 000 түп ағаш тамыр жаймақ. Жалпы есеппен 30 жылдық мерейтойға орай, ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері аймақта 2000-ға жуық көшет отырғызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<