26 наурыз – «Арал теңізі» күні

2126

0

Биыл «Арал теңізі» күні төртінші мәрте атап өтілуде.  2017 жылы Қызылорда қаласында өткен Арал теңізін тұрақты дамыту жөніндегі бірінші халықаралық форумда 26 наурыз «Арал теңізі» күні деп белгіленді.

Атаулы күнге орай аймақта бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 180 мыңға жуық сексеуіл егілді. Сонымен қатар, «Солтүстік Арал теңізі және Сырдария өзеңінің жағалауларын қоқыстан тазалау акциялары, шетелдік консулдармен инвестициялық жобаларды талқылау мақсатында кездесулер, «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тал отырғызу, «Арал теңізінің қайтуы» атты ғылыми-деректі фильмнің түсірілімі жалғасатын болады.

Бұған қоса, жасөспірімдер арасында футболдан «Aral Cub-2021» турнирі, Солтүстік Арал теңізінің Көкарал бөгетінде тәжірибелік балық қорғау қондырғысын маусымдық іске қосу жұмыстары, дәстүрлі балық аулау турнирі, Арал тағдыры бойынша фотокөрмелер ұйымдастырылып, ғылыми-деректі фильмдер дайындау және тағы да басқа іс-шаралар өткізіледі.

Айта кетейік, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан тұзды тоқтату және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында соңғы 29 жылда Арал теңізі ұлтанына 194 мың гектар жерге сексеуіл егілді. Жыл сайын облыстық бюджет есебінен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 5 мың га орман отырғызу жұмыстары, сондай-ақ, 2018 жылдан бастап Оңтүстік Корея Республикасының гранты есебінен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиоративтік жұмыстар жүргізілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<