40 адам эвакуацияланды: Қызылордада шаштараздан өрт шықты

1742

0

Фото: ТЖД

18 ақпанда Қызылорда облысының өрт сөндірушілері бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Dina and Sveta» шаштаразында өртті сөндірді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 11 бала. 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері 9 бірлік техникасымен жұмылдырылды», делінген Қызылорда облысы ТЖД таратқан хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<