477 шетелдік көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

937

0

      Пандемияға байланысты облыс аумағына келетін шетелдіктер азайды.

      Қазіргі таңда көші-қон қызметі саласымен облысқа түрлі мақсатпен келген 2 мың 800 (2019 ж -20319) шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды (өткен жылмен салыстырғанда 86% төмен).

      Айта кету керек, жыл басынан көші-қон қызметі саласымен жалпы 69 мың астам  мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның  66 мың  электронды түрде,  ал 2 мың қағаз түрінде қызмет көрсетілді.

      Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел азаматтарының елімізде болу мерзімін 2020 жылдың 1 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Яғни, 2020 жылдың 16 наурызынан 1 қараша аралығында мерзімдері аяқталған құжаттар жарамды болып табылады.

     Олар: визалар, уақытша тұруға ыхтиярхаты, мигранттардың еңбек патенттері, жеке басын куәландыратын құжаттар.

      Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, жұмыстары жалғасуда.

      Бүгінгі күнге мобильді топтармен барлығы 1 мың 800-ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды.  

      Есепті мерзімде Қызылорда ОПД жалпы 69 мың 387-мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      Құқық бұзушылық жасаған яғни, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 517 бабы бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 477 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<