60 бала оңалту орталығында ем алады

668

0

Бүгінгі күнге дейін өңірде реабилитациялық көмекті қажет ететін мүгедектігі бар балалар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жолдама негізінде ем алса, қазіргі таңда балаларды тұрақты түрде емдеу үшін көпбейінді облыстық балалар ауруханасы ғимаратының бір бөлігі оңалту орталығы ретінде ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық жұмысындағы емдеу процесін саралау мақсатында бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова емдеу орталығына барып, мамандармен пікірлесіп, ем қабылдап жатқан балалармен тілдесті. Орталықта науқас балаларға мамандандырылған оңалту көмектерін көрсету, оның ішінде, сумен емдеу, шунгит, сенсорлық, интерактивті, тұзды шахта бөлмелері қарастырылған.

Сондай-ақ, емдік-дене шынықтыру, механотерапия және ойын залдары бар, логопед, дефектолог, психолог мамандары қызмет көрсетуде. Аймақ басшысы әрбір баланың кешенді түрде ем алуына тиісті жағдай жасау үшін қажетті шараларды атқару керектігін қаперге салып, орталықта емделуші балаларға тез арада жазылып шығуды тіледі және орталыққа планшеттерді сыйға тартты.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<