Абзал — жас сарбаздар жетекшісі

733

0

Бүгін «Qosyl» жастар орталығында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, әскери-патриоттық сала басшыларының, қалалық білім бөлімінің, жастар ұйымдарының, БАҚ өкілдерінің және жас сарбаздардың бірлескен жиыны өтті.

Жиында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ә. Төлебай 2022 жылғы атқарған жұмыстары мен 2023 жылғы жылдық жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығын тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары А. Жакипов жас сарбаздарға жылы лебізін білдірді. Жиынға қатысушылар қалалық филиалға ұсынылған А. Жақашовтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ Қызылорда қалалық филиалының төрағасы лауазымына тағайындады.

Абзал Құрманғазыұлы – М. Мәметова атындағы жоғары педогогикалық колледжінің 4 курс студенті, колледждегі әскери-патриоттық қозғалыстың командирі, Ұлттық ұланның сарбазы болып табылады.

Алдағы уақытта Qosyl Qyzylorda Jastar Ortalygy мен «Жас сарбаз» қозғалысы арасында бірлескен жобалар іске асырылмақ.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<