Әйгілі суретшінің көрмесі

1091

0

24 маусым Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырған «the ETERNAL» атты кәріс кескіндеме шебері Пак Дэ Сонгтың «Созан» атты сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында, сондай-ақ 2022-2023 екі ел арасындағы мәдени алмасу жылына орай қазақстандықтарға түрлі корей мәдениетінің сұлулығын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Көрмеде кәріс кескіндеме дәстүрінің жалғастырушысы, атақты суретші Пак Дэ Сонгтың бірегей техникасы мен стилін пайдалана отырып жасалған 23 тушь кескіндеме картинасы ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеде автордың туындыларды жасау барысында қолданған суреттері бар альбомдарды көруге болады. Танымал суретші Пак Дэ Сонг 1979 жылы Чунганг көркемсурет көрмесінде «Санрим» картинасы үшін бас жүлдені жеңіп алып, өнер үйірмелерінің назарын аударған. Көрме 14 тамызға дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<