Әкім ауылдарды аралады

491

0

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Іңкәрдария, Нағи Ілиясов ауылдарын аралап, кәсіпкерлермен және елді мекен тұрғындарымен жүздесті.

Кездесу барысында бірқатар ауылдық округ көлеміндегі кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді тілге тиек етті.

– Аудан көлеміндегі кәсіпкерлік саласының жағдайымен танысу үшін өздеріңізбен кездесіп отырмын. Ауыл халқы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндікті пайдаланып, кәсіппен айналысуы тиіс. Бұл бағытта түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламаларды, несиелерді, ондағы жеңілдіктерді тұрғындар білуі керек. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған мүмкіндіктерді, өз үлесімізді тиімді пайдалануымыз қажет. Ауылдарда шағын және орта кәсіпкерлік дамыса, сонда ғана халықтың әл-ауқаты бұдан да жақсаратыны сөзсіз, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Осыдан кейін қазіргі пандемияға байланысты қоғамдық орындарда үнемі арақашықтық сақтап, бетперде киіп, антисептик және тағы да басқа қорғаныш құралдарын пайдалануды ұсынды.

Мұнан соң жақында өтетін ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына байланысты сайлау өтетін нысандарды аралап, саяси науқанға дайындық деңгейін пысықтады.

Сапар барысында аудан басшысы Іңкәрдария ауылындағы Республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш Мүлкілән кесенесімен танысты. Нағи Ілиясов ауылындағы «Әсел» сауда орталығын аралап, азық-түлік бағасымен танысты. Елді мекендегі жеке кәсіпкер Сұлтан Есжановтың «Жылыжай» нысанын да аралап көрді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<