Әлемді жайлаған дерт

930

0

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

Егер біз есірткіге қарсы шабуылдарды жоймасақ, есірткі бізді құртады.


Р.Никсон


Есірткісіз өмір ғажайып


Есірткі ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық зат. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.


Алғаш болып «есірткі» – деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, эклаттың тұқымдарын және көкнәрдың тамырын терең зерттеген.


Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кең етек жайды. Алдыңғы уақыттарда «есірткі» – деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады
Көп жағдайларда медицинада және «есірткі» ұғымы толық бір мағынаны бере бермейді. Бұл салаларда барлық заңсыз және жүйке жүйесін уландыратын химиялық өнімдер, наркотик ұғымына қосылады. Мысалы, Канада және АҚШ елдерінде есірткі қатарына кокаин, каннабис және опиоидтар жатқызылған.

Есірткі қалай пайда болған?


Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады.

Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды.

XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.

Грек тілінен аударғанда тәуелділік – ұйқышылдық, мания, рахат. Бірақ, есірткіге тәуелділікке қарап менің жанымда аяушылық пен жиіркеніш пайда болады. Нашақор үшін қасиетті ешнәрсе болмайды, жақын адамға деген аяушылық пен жанашырлық жоқ.

Нашақорлық – бұл қорқынышты, жазылмайтын ауру.

Есірткінің құрығына кімдер түседі?


Есірткінің құрығына көбінесе жастар түсіп үлгереді, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді.

Нашақорлардын саны 2020 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 90% өскен.
Менің ойымша, жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой – деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне, есірткіге тәуелді болу деген осылай болады деп ойлаймын.

Бүкіл әлемде нашақорлық негізінен жастарға тән құбылыс деп есептейді, себебі өмірлік тәжірибенің жетіспеушілігі салдарынан балалар мен жасөспірімдер тұрақсыз қоршаған ортаның есірткі қысымы және есірткі азғыруына оңай түсіп қалады екен. Бұл ауруға Қазақстан халқының шалдыққаны да байқалады.

Есірткісіз өмір


Мен, жалпы өз елімнің патриотымын. Біздің жастарға тек білім алып, еңбек етіп, ата-анамызға көмек беріп, бауырларымызға жақсы үлгі көрсете отырып, алға қарай жүріп отыруымыз керек.

Адам баласы шексіз өмір сүрмейді, әр адам өзіне өлшеніп берілген өмірін сүреді, сондықтан да жас кезімізден бастап біздер тек білім қуалап, еңбек етіп, спортпен шұғылданып, денсаулығымызды күтіп жүретін болсақ, есірткі деген зиянды заттарды қолданбақ түгілі, оның атын атауға да мүмкіндік бермеуіміз керек. Себебі, өзінің алдына мақсат пен жоспар қойып өмір сүретін адамдар – ішімдік, шылым шегу, есірткіден өзін аулақ ұстайды деп есептеймін. Мен барлық жастарды, уақытымызды тиімді пайдаланып, өзімізге пайда әкелетін істермен айналысуға шақырамын.

Денсаулық – адамның ең бірінші орындағы байлықтың бірі болса – оны күтіп, әрі қарай нығайту үшін тек қана спортпен айналысайық. Есірткі деген зиянды заттан бойымызды аулақ ұстайық және есірткінің денсаулыққа өте қауіпті екенін айналамыздағы өзім қатарлы жастарға үгіт – насихат ретінде айтып жүретін боламын. Біздер, қазақ елінің жастары – өзіміздің ерекше ата-бабадан дарыған салтымызды, дәстүрімізді сақтап, ұлттық құндылықтарды жоғалтпай, қайта оны дамытып отыруға тиіспіз.

Сонымен бірге заманның ағымына ілесіп отыруымыз керек. Ол үшін кітап оқып, спортпен шұғылданып, қолымыздан келетін іспен айналысып, түрлі үйірмелерге қатысып, әр жасаған ісіміздің нәтижесін көріп отырсақ, нұр үстіне нұр болары хақ.


Қорытынды


Нашақорлық – бұл біздің жалпы проблемамыз. Әлемді жайлаған дерт тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Нашақор үшін қасиетті ешнәрсе болмайды, жақын адамға деген аяушылық пен жанашырлық жоқ.

Нашақорлық – бұл қорқынышты, жазылмайтын ауру. Есірткіге тәуелді болған адам енді ешқашан сау болмайды. Есірткі қолдануды жалғастырған жағдайда бұл құбылыстар жойылып, эйфория пайда болады. Бұл аурудың бірінші кезеңінің басталғанын білдіреді.

Адамда есірткіге психологиялық тәуелділік пайда болады. Есірткінің адамға жеткілікті зерттелген әсері жоқ, олардың зияны немесе пайдасы туралы нақты айтуға құқық бермейді. Әрине, егер есірткі болмаса, есірткіге тәуелділікке байланысты көптеген әлеуметтік проблемалар жойылса да болар еді. Нашақорлық-бұл 21 ғасырдың әлеуметтік және медициналық мәселесі екені белгілі.

Қалай болса да, сау өмір сүре отырып, ақыл-ойды сақтап, өз болашағымыздың жарқын болатынын ойлайық, достар!


Нұрай Нұрадин,

№264 мектеп-лицейдің


9 сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<