Ардагерлерге берілетін төлем артты

3

0

Қызылорда облысында Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға берілетін бірреттік төлем артты. Соңғы төрт жылда ол 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге, ал биыл 5,5 млн теңгеге өсіп отыр.

– Сыр өңірінде жалғыз қарт майдангер қалды. Жасы 104-ке таяған Яхия Тасыров бүгінде Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде тұрады. Оған соғыс ардагері ретінде 1272 айлық есептік көрсеткіш немесе 5,5 млн теңге мөлшерінде көмек тағайындалды, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлім басшысы С.Сейдахметов.

Соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін:

– бұрынғы КСРО орден-медальдарын иелен­гендерге – 60,

– 1941-1945 жылдары соғыс кезінде кемінде 6 ай қызмет өткерген тыл арда­герлеріне, тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орден-медальдарымен марапат­талған адамдарға – 50,

– сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңес­тірілген (қатысушылары мен мүгедек­терінен басқа) ардагерлерге, соғыс кезін­де қызмет өткерген әскери қызметшілерге, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқандарға, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген аза­маттарға, концлагерьлердің кәмелетке тол­маған тұтқындарына, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүге­дектігі анықталған адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайларына, Чер­нобыль апаты мен Семей ядролық поли­гонын­дағы ядро­лық сынақтарды жоюға, басқа мем­лекеттердің аумағындағы, оның ішінде Тәжік-Ауған учаскесіндегі әскери іс-қимылдарға, Ирактағы халық­аралық бітімгершілік опера­циясына, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақ­тығысты реттеуге (Ауғанстандағы ұрыс қимыл­дарының ардагер­лерінен басқа) қатыс­қандарға, Ардагерлер тура­лы заң күші қолданылатын (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайлары) басқа адамдарға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 216 250 теңгеден төленеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының хабар­лауынша, Қызылордада соғыс уақытында тылда бел жазбай еңбек еткен 1331 адам бар.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы»