«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Астанада өткен акцияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, экобелсенділермен бірге «Самал» саябағында ағаш отырғызды.
Жалпыұлттық бастамаға жалағаштықтар да белсенді атсалысты. Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың бақылауымен кент және барлық елді мекендерде санитарлық тазалық және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен саябақтар тазартылып, қоқыстар шығарылды. Белгіленген аумақтарға ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл желекті көбейту жұмыстары қолға алынды.
Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






