Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары

442

0

Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары. Оны биылғы аудан бюджетінің жалпы кірістерінен байқауға болады. Атап өту керек, жалпы кіріс 102,7 пайызға орындалған. Алдын ала болжам бойынша бюджетке артық түскен қаржы 507 988,8 мың теңгені құрап отыр.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру биыл 96947 млн теңгені құраған. Ал, өңдеу өнеркәсібі бойынша қаңтар-қазан айларында 66331 млн теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайызға орындалған.

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы әлеуеті жоғары бағыттардың бірі. Биыл Жаңақорған ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 25 468 млн теңге құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,4 пайызды құрап отыр.

Ауданда бөлшек сауда көлемі 5458,9 млн теңгеге жетті. Бұл былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда 4 пайызға артық. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 38 059 млн теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 163,3 пайызды құрады.

Құрылыс саласында да серпіліс бар. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 7374 млн теңге болып, 2021 жылмен салыстырғанда 313,4 пайызға орындалған. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2022 жылдың қаңтар- қазан айларында 48 430 шаршы метрді құраған.

Қазіргі уақытта спорт саласындағы өзекті мәселелердің бірі – аудандарда спорт инфрақұрылымын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар көп. Соның бірі аудандағы 1000 адамға арналған спорттық алаңдар санының биыл артқаны болды.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 5234 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 4532 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 1246 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 78 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 290 адам жастар практикасында жүр. Сондай-ақ, 1013 адам қоғамдық жұмыс орындарына тіркелсе, 360 адам мемлекеттік грант алған, 5 адам «Ұрпақтар келісім шартына», 33 адам «Алғашқы жұмыс орындарына» және 1475 адам «Бастау-изнес» жобасына оқуға жолданды.

2022 жылы 3118 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Осыдан жоспарланған 3118 жаңа жұмыс орнынан 2354 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 75,5 пайызға орындалды. Тұрақтысы 919 немесе 39 пайыз.

Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға9 рет өткізіліп, 420 жұмыс беруші 1397 бос жұмыс орындарын ұсынды. Онда 178 азаматқа жолдама берілді.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша кәсіпкерлік белсенділікті арттыру үшін еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға биыл жұмыс берушілердің өтіміне сәйкес облыстық бюджеттен 70 адамға 20853,0 мың теңге қаржы бөлінді. Барлық ауылдық округтерден жинақталып қыркүйек айының 12 бастап жұмыс берушінің сұранысына сәйкес 27 адам жолданды.

Биыл аудандан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша «ENBEK BUSSINES» порталы арқылы 1475 адам оқуға өтініш тапсырды.

«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен  жаңа жоспар бойынша 360 адамға 322228,0 мың теңге, қаржы қаралып, есепті кезеңге 360 адамға грант берілді. Оның ішінде жастары – 167, әйелдер саны – 180, мүмкіндігі шектеулі адамдардар саны – 39.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту үшін Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері республикалық бюджеттен 51000,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған 100 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 33 жұмыс берушіге 72 адам жұмыс орындарына жолданды. Жылдық жоспар 72 пайызға, қаржысы есептік кезеңге 16685 мың 100 пайызға орындалды. Әйелдер саны – 21, жастары – 20. Тұрақты жұмысқа орналасқаны – 6. Ал, Жастар практикасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 102917,0 мың теңге, облыстық бюджеттен (30 адамға ) 13784,0 мың теңге, Ұлттық қордан 151160,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған 224 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 121 жұмыс берушіге 290 жас түлек жұмыс орындарына жолданды. Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға 69 адамға республикалық бюджеттен 49668,0, мың теңге, қаралса, жергілікті бюджеттен 39 адамға 27975,0 мың теңге, Ұлттық қордан 367743,0 мың теңге қаралған. Осыдан бүгінгі таңға 1013 адам жолданды. Мерзімін аяқтап, 79 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен биыл 11027,0 мың теңге, ұлттық қордан 17014,0 мың теңге қаралған. Осыған 15 адам жоспарланып, қазіргі таңға 33адам жолданды. Былтыр мерзімі аяқталмаған 10 адам 2022 жылға жалғастырып, 1адам тұрақтанды. Игерілген қаржы 4142,0 мың теңге, ұлттық қордан 7 000,0 мың теңге игерілді. Ұрпақтар сабақтастығын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ағымдағы жылға 1838,0 мың теңге қаралған. Осыған 5 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 5 адам жолданды. Күміс жас жобасын ұйымдастыруға Ұлттық қордан биылға 34028,0 мың теңге қаралған. Осыған 30 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 32 адам жолданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<