Әлеуметтік қолдау артып келеді

683

0

3 желтоқсан − Халықаралық мүгедектер күніне орай  Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Айгүл Ибраева мен «Облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы БАҚ өкілдеріне арнап брифинг берді. Сала мамандары өңірімізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

         Бүгінгі күні аймағымызда 31 775 мүгедектігі бар азамат тіркелген, оның 5 632-і 18 жасқа дейінгі балалар. Олардың ішінде  I топ – 3522, II топ – 10466, III топ – 12155, 18 жасқа дейінгі бала – 5632. Өткен жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін барлық техникалық оңалту құралдары мен қызметтері Әлеуметтік қызметтер порталы (http://aleumet.egov.kz) арқылы жүргізілуде. Есепті кезеңге облыста әлеуметтік оңалтуды қажет ететін 25 412 өтініш берушінің 22 903-і портал арқылы электронды цифрлық қолтаңбасымен өзі таңдау жасап, әлеуметтік оңалту шараларын алды немесе 90,1 %-ға орындалып, республика бойынша бірінші орынға шықты. Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында облыс көлемінде 2021-2025 жылдарға 1 294 инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспарланды. Оның ішінде 2021 жылы 258 объекті бейімделсе, 2022 жылы 277 объектіге бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер

         Брифингте Айгүл Болатқызы Медициналық-әлеуметтік мекемелерде және Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығында көрсетілген қызметтер туралы баяндады. Жыл басынан бері 1 845 адамға стационарлық және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен 153 мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде, – дейді ол.

Инватакси қызметі

         Облыста инватакси қызметін 32 автокөлік жүзеге асырады. Олар аудандарда – 17, Байқоңыр қаласында – 2, Қызылорда қаласында – 13. Оның ішінде, 12 автокөлік кресло-арбаның көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында Қызылорда қаласына қалаішілік қоғамдық көліктерде пайдалануға 100 үлкен сыйымдылықтағы кресло-арбаның көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін аппарельмен жабдықталған автобустар сатып алуға шарт жасалып, бүгінгі күнге оның 82-і пайдалануға берілді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2021 жылы
Қызылорда қаласында «Тең қоғам» орталығы ашылса, 2022 жылы Шиелі ауданында ашылып, жұмыс жасауда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс. Ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша оңалту қызметтерін көрсету мақсатында өңірімізде 2017 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде иппотерапиямен оңалту қызметі жүзеге асырылуда. Биылғы жылы 200 балаға иппотерапиямен оңалту қызметтері көрсетілді. Жүргізілген оңалту шаралары өз нәтижесінде осы жылдың шілде және қыркүйек айларында Шығыс Қазақстан облысында ат спорты бойынша өткен республикалық Паралимпиадалық жарысқа қатысқан иппотерапиямен оңалту қызметін алушы Алтынбек Айару 3 орынды, Марат Ерасыл 2 орынды иеленді.

− Биылғы жылы мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Қызылорда облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен жасалған шарт негізінде мүгедектігі бар адамдар мен балалардың қатысуымен спорт жарыстарын, фестиваль, кино, музей, театр әлеміне, тарихи орындарға саяхат жасау іс-шаралары өткізілуде. Оның бірі 3-желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылғалы отыр, − деді Сағатбек Қуанышбайұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<