Әр пәтер мен үйді полиция тексереді

629

0

Қазақстанда 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Жергілікті» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Ол туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі кезде ел аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Операция 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы орайда учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген аумақта халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылық жасайтын адамдарды және ішкі істер органдарында есепте тұрғандарды анықтау үшін үйлерді аралайды», деді Н.Ораз апталық онлайн брифинкте.

Сонымен қатар жалға берілетін пәтерлер, базарлар мен өзге де сауда орындары, жастар мен кәмелетке толмағандар көптеп жиналатын жерлер, азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі. Полицейлер саяжайларда, құрылыс нысандарында, қараусыз қалған ғимараттарда тексеру жүргізіп жатыр.

«Ауылдық жерлерде негізгі күш-жігер қыстауларды тексеруге және тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға, сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану мен тіркелмеген қаруды сақтау фактілерін анықтауға бағытталған», деді ресми өкіл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<