Аймақтық семинар баланың ойын дамытуға арналды

1142

0

Сырдария ауданының Айдарлы ауылындағы «Нұр-сәби» бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын ойын арқылы дамыту» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Аталған іс-шараға мемлекеттік балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Семинарды бөбекжай-бақша меңгерушісі Жұлдызай Накипова ашып, бағдарламаға сәйкес қатысушыларды жұмыс көруге шақырды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру үшін, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени –әлеуметтік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру міндеттерді іске асыру үшін ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті арқылы ұйымдастыратын іс-әрекеттерді ұсынды. «Күншуақ» ересектер тобының тәрбиешісі Гүлшат Төкенова «Нан қайдан келеді?» тақырыбында кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетін өтті. Онда балаларға ойын ойната отырып, сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыта отырып, ертегі желісі баяндай отырып, нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын білді. Ұйымдастырылған іс-әрекетте балалардың тілін дамыта отырып, ойын арқылы дене шынықтырып, құрастыру ойыны арқылы реттілікпен санап, ұлттық құндылыққа негізделген әженің диірмен тартып отырып, ертегі айтуы тыңдалым қабілетін дамытты. Балалар «Әжемнің шәйі» әнін орындап, әрбір қадам кіріктіріліп жүргізілді.
Кіші балапан тобының тәрбиешілері Ибраева Айнұр мен Жарқынай Жарболова «Ертегілер елінде» кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізуде балаларды қоршаған ортаға бейімдеп, ертегіге қызығушылығын арттырып, ойын арқылы ертегілер әлеміне еніп, сөздерді анық айтуға, достық пен жанашырлыққа тәрбиелеуге жұмыстар көрсетті.

Балалар «Азығын тап» ойыны арқылы жануарлардың атын атап, олардың азықтарын табуға көмектесті. Үйшік ертегісі арқылы ертегіні саханалап, «Кім жылдам» ойыны арқылы аңдардың сүйікті тағамдарын ажырата білді. Құрастыру ойынын ойнап, ертегілерді пазл арқылы құрастырып шықты.
Балабақша психологі Ж.Жиренова ересек топ балаларына «Көңілді күн» тренингін ұйымдастырды. Тренингте үстел үсті ойындары арқылы саусақ қол моторикасын дамытып, пішіндер мен олардың түсін ажыратты.

Іс-шара соңында ересек топ балаларының «Кішкентай ақылды балапан» қойылымы қойылып, семинарға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, үздік жұмыс көрсеткен тәрбиешілер марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<